4 күн бұрын
Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев UFC допинг-тестінен өтті
Қазақстандық UFC өкілдері Шавкат Рахмонов және Асу Алмабаев осы аптада кезекті допинг-тесттен өтті. Бұл туралы ақпарат UFC Drug Testing Watch аккаунтында X әлеуметтік желісінде жарияланды.
Еске салсақ, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Рахмонов үшін бұл 2025 жылы төртінші тексеру болды. Ал ең жеңіл салмақта күресетін Алмабаев биыл алтыншы рет тексеруден өтті, бұл UFC рейтингілік үміткерлерге ерекше көңіл бөлетінін көрсетеді.
Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізген – ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңді. Асу Алмабаев соңғы рет 22 қарашада америкалық Алекс Переспен кездесіп, жеңісті қысып алу тәсілімен аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас