4 сағат бұрын

Қазақстандық актер Өзбекстанның ММА жұлдызымен жұдырықтасады

Қазақстандық актер Өзбекстанның ММА жұлдызымен жұдырықтасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебулан Тоқтар өзбекстандық танымал файтер, Gold лақап атымен өнер көрсететін Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізеді.

Қарсыластар Ташкент қаласында бетпе-бет кездесіп, көз арбастыру рәсімін өткізді. Осы сәттің видеосын Еркебулан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, «Март, let’s go» деп жазба қалдырды.

Айта кетейік, қос спортшы да медиа кеңістікте кеңінен танымал тұлғалар. Еркебулан Тоқтар тек спортшы ғана емес, актер ретінде де белгілі — оның Instagram желісіндегі жазылушыларының саны шамамен 1,5 миллионға жуық. Ал Шахзод Узоковтың да әлеуметтік желілердегі аудиториясы аз емес — 1,2 миллионнан асады.

Спорттық көрсеткіштерге тоқталсақ, Еркебулан Тоқтар кәсіби ММА-да 14 жекпе-жек өткізіп, оның 11-інде жеңіске, үшеуінде жеңіліске ұшыраған. Соңғы кездесуін ол тамыз айында өткізіп, екінші раундта ирандық файтер Фарзад Гадериді (19–17) нокаутпен жеңген болатын.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас