01.01.2026
Қайрат Ахметов ACA алғашқы жекпе-жегінің басты үміткері
Лиганың вице-президенті Руслан Хамзаев YouTube-тегі лиганың ресми каналына берген подкастында Қайрат Ахметовтің алғашқы жекпе-жегіне қатысты болжамымен бөлісті.
Қазақстандық спортшының қарсыласы — Мансур Хатуев.
«Олардың стилдері ұқсас, Хатуев қашықтықты тез қысқартуға бейім. Оның бокс мектебі өте мықты және ол әрдайым сол дағдыларын қолданады. Ахметовтің көп матчтары бар, тек 2 жеңілісі болған. Оның жекпе-жектерін қараған сайын, маған ол көбірек ұнайды, ол өте тапқыр. Өлшемі шағын болғанына қарамастан, оның арсеналында өте қауіпті үстіңгі соққылар бар, дәстүрлі төменнен жоғары емес, крюктар, оверхендтер — тіпті дем алуға да мүмкіндік бермейді. Мен матчтарын ұзақ қарадым, бастапта Хатуевқа артықшылық бердім, бірақ қайта қарап шықтым, менің ойымша, 52:48 пайызы Ахметовке береді. Бұл өте қиын жекпе-жек болады», — деді Хамзаев.
Бой 2026 жылғы ACA-ның алғашқы турнирінде өтеді. Іс-шара 9 қаңтарда Грозный қаласында ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас