7 күн бұрын

Жалғас Жұмағұловтың «еуропалық UFC»-дегі орны белгілі болды

Жалғас Жұмағұловтың «еуропалық UFC»-дегі орны белгілі болды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (19-9) Oktagon лигасының салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын (pound-for-pound) үздік жауынгерлер рейтингінде төртінші орынды иеленді.

Жұмағұлов жеңіл салмақ дәрежесінде лига чемпионы болып табылады. Ол бұл белбеуді маусым айында грузиялық Бено Адамияны (12-9-2) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңу арқылы иеленген. Ал желтоқсан айының соңында қазақстандық спортшы чехиялық Давид Дворжакты (22-7) үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Қазіргі таңда Oktagon лигасының P4P рейтингін ирландиялық Уилл Флёри (15-3) бастап тұр. Екінші орында — түркиялық Керим Енгизек (24-4), ал үздік үштікті америкалық файтер Мэллори Мартин (11-6) түйіндеп отыр.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас