6 күн бұрын

Рахмоновқа UFC көшбасшысынан шақыру түсті

Рахмоновқа UFC көшбасшысынан шақыру түсті

UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, австралиялық Джек Делла Маддалена Қазақстан өкілі Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл кездесу оған қайтадан титулдық бәсекеге оралуға мүмкіндік береді.

«Ислам Махачевпен реванш — менің арманым. Сол себепті Шавкатпен айқасқым келеді. Ол секілді қарсыласты жеңсең, бірден титул үшін күреске қайта қосыласың», — деді Маддалена блогер N3on эфирінде.

Еске сала кетейік, Джек Делла Маддалена UFC чемпиондық белбеуін ресейлік Ислам Махачевпен болған жекпе-жекте жоғалтқанымен, дивизион рейтингінде бірінші орынды сақтап қалды. Ал Шавкат Рахмонов қазіргі таңда рейтингтің екінші сатысында тұр.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас