1 күн бұрын

Асу Алмабаев: әр жауынгердің чемпион болатын уақыты келеді

Асу Алмабаев: әр жауынгердің чемпион болатын уақыты келеді

UFC жауынгері Асу Алмабаев чемпиондық айқасқа Шавкат Рахмоновтан бұрын жету мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz

"Мен ешкіммен жарыспаймын. Әр жауынгердің чемпион болатын уақыты келеді. Еңбегімізге қарай, сәті де туындап қалар. Шавкатқа келетін болсақ, ол қазір әлемдік рейтингте 2-орында тұр. Кім бірінші жетсе де, қазақ жеріне чемпиондық белбеудің келгеніне қуанамын. Барлығын уақыт көрсетеді", - деді Асу Алмабаев.

Айта кетейік, Асу Алмабаев 2026 жылғы 28 ақпанда Мексикада өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы, рейтингте 4-орында тұрған мексикалық Брэндон Мореномен күш сынасады. Бұл айқас UFC Fight Night 269 турнирі аясында өтеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас