3 күн бұрын
Асу Алмабаев: спортта тәуекелге баруға міндеттісің
UFC жауынгері Асу Алмабаев алдағы айқасын қарсыластың жерінде өткізу қаншалықты әсер ететіндігіне тоқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
"Спортта тәуекелге баруға міндеттісің. Манел Капемен де бір апта қалғанда, шығуға келіскен едім. Енді Мексикаға барғалы жатырмын. Өмірімдегі барлық жағдайда да есемді жібермей, жылдам шешім қабылдауға тырысамын. Өйткені әр нәрседен қорқа берсең, уақытың құр бекерге өтіп кетеді", - деді Асу Алмабаев.
Айта кетейік, Асу Алмабаев 2026 жылғы 28 ақпанда Мексикада өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы, рейтингте 4-орында тұрған мексикалық Брэндон Мореномен күш сынасады. Бұл айқас UFC Fight Night 269 турнирі аясында өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов