2 күн бұрын

Тағы бір қазақстандық файтер UFC-де дебют жасайды

Тағы бір қазақстандық файтер UFC-де дебют жасайды

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 22 ақпан күні Техас штатында өтетін UFC Houston турнирінде өткізеді. Отандасымыз ямайкалық Оде Осборнмен кездеседі.

31 жастағы жауынгер өткен жылы TUF 33 шоуының финалында Джозеф Моралеске жол беріп, соған қарамастан UFC-мен келісімшартқа қол қойған болатын.

Айта кетейік, Оде Осборн 2023 жылы қазақстандық Асу Алмабаевтан жеңілген еді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас