2 күн бұрын
Царукян Пимблетке дөрекі жауап берді
UFC файтері Арман Царукян өзінің грепплинг деңгейіне күмән келтірген Пэдди Пимблеттің мәлімдемесіне өткір жауап қатты.
Бұған дейін британдық спортшы Царукянды өзіне айтарлықтай қауіп деп санамайтынын айтып, Арманның Дэн Хукермен өткен жекпе-жегіндегі бір сәтті мысалға келтірген еді.
— Хукер оны гильотинаға түсіре жаздады, бұл Арманның грепплингінің әлсіздігін көрсетеді. Егер мен оны гильотинаға алсам, ол ес-түссіз жатады, — деген болатын Пимблетт.
Царукянның жауабы ұзақ күттірмеді әрі өте қатаң болды.
— Мына қоқыс қапшығы мені күресте жеңе алады деп ойлай ма? — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, 25 қаңтарда Пэдди Пимблетт Джастин Гейджиге қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас