2 күн бұрын

Еркебұлан Тоқтар чемпионмен жекпе-жекте нокдаунға түсті

Еркебұлан Тоқтар чемпионмен жекпе-жекте нокдаунға түсті

Қазақстандық актер әрі ММА жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар Nomad Wrestling лигасының екі дүркін чемпионы Азамат Бақытовпен жаттығу жекпе-жегін өткізді.

Nomad Wrestling лигасының Instagram парақшасында танымал файтер мен атақты чемпион арасындағы ертеректе өткен жаттығу айқасының видеосы жарияланды. Кадрлардан кәсіби грэпплер саналатын Азамат Бақытовтың Еркебұлан Тоқтарды бауырға бағытталған соққымен нокдаунға түсіріп, жекпе-жек барысында басымдық танытқанын көруге болады.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 26 желтоқсанда Ташкент қаласында өткізді. Бокс ережесімен өткен кездесуде ол жергілікті спортшы Тимур Никулинді алғашқы раундта нокаутпен жеңді.

Ал Азамат Бақытов соңғы рет 2025 жылдың 12 сәуірінде Алматыда өткен Nomad Wrestling лигасының екінші Гран-при финалында белдесті. Ол әлем чемпионы Руслан Исраиловты 10:8 есебімен жеңіп, чемпиондық атағын қорғады.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!