14 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновтың қазіргі қалпы көпшілікті таңғалдырды

Шавкат Рахмоновтың қазіргі қалпы көпшілікті таңғалдырды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов MMA Naiza 80 турниріне арнайы қонақ ретінде барды, деп хабарлайды Sport12.kz

UFC ұйымының жартылай орта салмағында өнер көрсететін, әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Шавкат Рахмонов балдақпен жүрген сәті видеоға түсіп қалды.

Өткен жылы Шавкат Рахмонов жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінде болғандықтан, октагонға шықпаған еді. Сондай-ақ, спортшыға операция жасалғаны белгілі. Бірақ кейін өзінің әлеуметтік желілерінде жаттығуларының видеоларын жариялап жүрген. Қазіргі жағдайының себебі әзірге белгісіз.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!