5 күн бұрын

Шавкат Рахмоновтың рейтингтен шығарылғаны мансабына қаншалықты әсер етеді?

Шавкат Рахмоновтың рейтингтен шығарылғаны мансабына қаншалықты әсер етеді?

Бүгін UFC ұйымы жартылай орта салмақта әлемдік рейтингте 2-орында тұрған Шавкат Рахмонов алынып тасталды. Осы орайда спорт сарапшысы әрі комментатор Исатай Мәди Sport12.kz cайтына өз ойымен бөлісті.

"Рейтингтен шығып қалғаны - ростелден шығып кетті дегенді білдірмейді. UFC ұйымы Шавкат сынды спортшыларды жай жібере салмайды. Ол Конор Макгрерор секілді танымал жұлдыз емес. Оның үстіне дәл қазір жартылай орта салмақта бәсекелестік жоғары. Ал отандасымыздың орнына Майкл Пейджді қосыпты. Ол да аймақтық деңгейде жұлдыз саналады. Бәлкім, оның да танымалдылығын арттырғысы келген шығар", - деді Исатай Мәди.

Ол Шавкат Рахмоновтың не себепті алғанына өз болжамын жасады.

"Шавкат жарақатына байланысты 2 жылдай шыға алмайын деп тұр. Ұйым рейтингтің қаңырап тұрғанын қаламаған болар. Спортшылардың рейтингтен шығарылуы - қалыпты дүние. Ең бастысы, Шавкат жарақатынан айығып, қайта қарсыластарын жеңе алса, чемпиондыққа таласа алады деп сенемін", - деді Исатай Мәди.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бұған дейін 2024 жылдың 8 желтоқсанында Иан Гэрриді жеңген болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!