12 сағат бұрын
Иан Гэрри Шавкат Рахмоновқа қатысты үн қатты
Ирландиялық жауынгер Иан Мачадо Гэрри қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінен шығарылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Оны чемпиондық жекпе-жекке таластан алып тастады», — деп жазды Гэрри X әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін қазақстандық спортшы дивизион рейтингінде екінші орында болып, титулға басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылған еді. Рейтинг жаңартылғаннан кейін екінші орынға ирландиялық жауынгер көтерілді.
Жаңартылған рейтинг нұсқасында Шавкат Рахмоновтың есімі жоқ. Мәліметтерге сәйкес, оны рейтингтен алып тастауға жарақаттың қайта асқынуы себеп болған.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов