Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 күн бұрын

Қазақстан — АҚШ жекпе-жегі жылдам нокаутпен аяқталды

Қазақстан — АҚШ жекпе-жегі жылдам нокаутпен аяқталды

Қазақстандық файтер Николай Веретенников UFC Fight Night 266 турнирі аясында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында октагонға шықты.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жекте Веретенников UFC ардагері, америкалық Нико Прайспен күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта-ақ аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша, Николай Веретенников ММА-дегі кәсіби мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Нико Прайс оныншы рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, бұл Веретенниковтың UFC-дегі бесінші жекпе-жегі болды. Қазіргі таңда оның ұйымдағы рекорды — 2 жеңіс және 3 жеңіліс.

36 жастағы Нико Прайс UFC-де 20 рет жекпе-жек өткізген, оның ішінде 8 жеңіс, 10 жеңіліс және екі жекпе-жек нәтижесіз деп танылған.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»