8 сағат бұрын
Тәжікстандық ACA жауынгері Искандар Мамадалиев: Шавкатты шеттетіп тастады
Тәжікстандық ACA жауынгері Искандар Мамадалиев қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы Ислам Махачев үшін ең қауіпті қарсылас деп атады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұған дейін Рахмонов жарақатына байланысты октагонға оралуы кейінге шегерілгенін хабарлаған болатын. UFC оны рейтингтен алып тастады, ол жерде спортшы екінші орында тұрған еді. Шавкаттың соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсан айында өтті.
«Шавкат Рахмонов Ислам Махачев үшін ең қауіпті қарсылас. Бірақ оны шеттетіп тастады.
Шавкат мінезі бар, қайсар жауынгер. Oның мүмкіндігі бар. Дегенмен, Исламның деңгейі мүлде бөлек. Махачев Хабибтен ең жақсы қасиеттерді сіңіріп алған. Oлар ешкімге оңайлықпен жол бермейді. Бұл жұпта мен фаворит ретінде Махачевті атар едім», — деп Мамадалиевтің сөзін «Матч ТВ» келтіреді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов