Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Амиров IBA Nomad лигасында өнер көрсетуге дайын

Амиров IBA Nomad лигасында өнер көрсетуге дайын

RCC Hard чемпионы Торғынбек Амиров биыл Қазақстанда өткізілуі жоспарланған IBA Nomad лигасына қатысу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты.

Спортшының сөзінше, басты шешуші фактор — қаржылық ұсыныс:

«Тек жақсы гонорар болса ғана қатысамын. Қарсыласым кім болатыны маңызды емес», — деді Амиров.

Чемпион формат айырмашылығына да тоқталды:

«Егер қарсылас ретінде қазақ боксшысын берсе де келісемін. Бірақ бұл «кулачка» емес, ММА қолғаптарымен бокс. «Кулачка» — бұл RCC Hard немесе Top Dog сияқты жалаң қолмен ұрыс. Мен кез келген үлкен сынаққа дайынмын», — деп атап өтті Амиров.

Сонымен қатар, ол өз лигасының реакциясына қатысты:

«RCC Hard басшылығы менің басқа лигада өнер көрсетуіме қарсы болмайды. Біз бұл мәселені әрдайым талқылай аламыз», — деді спортшы.

Амиров IBA Nomad турнирінде кез келген қарсыласқа шығуға дайын екенін айтты.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»