Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Рахмоновтың әйелі қатысқан апат бойынша іс сотқа жіберілді

Рахмоновтың әйелі қатысқан апат бойынша іс сотқа жіберілді

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гулайым Рахмонова және ұлы қатысқан өліміне әкелген жол апаты бойынша іс арнайы ауданаралық қылмыстық істер сотына жіберілді. Алдын ала тыңдау 16 ақпанда сағат 15:00-де өтеді.

Сот процесі ашық режимде және офлайн форматта өтеді.

Жол апаты 2025 жылы 27 шілдеде Алматы — Екатеринбург тас жолында болған. Полиция мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі рөлді бақылай алмай қалып, автокөлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілген. Сол кезде көлікті Гулайым Рахмонова жүргізгені хабарланған.

Жамбыл облысының полициясы іс бойынша алдын ала тергеу басталғанын айтты.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»