Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстандық файтер PFL рейтингісінде бестікке енді

Қазақстандық файтер PFL рейтингісінде бестікке енді

Қазақстандық ММА файтері Саламат Исбулаев (10-0) америкалық Professional Fighters League (PFL) уйымының жартылай жеңіл салмақ дивизионы рейтингісіне енді.

7 ақпанда Дубайдағы PFL Dubai турнирінде Исбулаев бұрынғы чемпион, перуандық Хесус Пинедоны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл жеңіс Саламатқа дивизион рейтингінде орын алуға мүмкіндік берді — ол бірден бесінші орынға көтерілді.

Жартылай жеңіл салмақ дивизионының топ-3 рейтингісінде Тимур Хизриев, Эй Джей Макки және Исбулаев жеңген Пинедо бар.

Айта кетейік, Хесус Пинедоға қарсы жекпе-жек Саламат Исбулаев үшін PFL-дегі дебют болды. Бұған дейін ол Қазақстандағы Alash Pride және Қытайдағы JCK Kings лигаларында өнер көрсеткен.




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»