Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Рахмонов UFC рейтингінен неге шығарылды?

Рахмонов UFC рейтингінен неге шығарылды?

MMA Fighting сайтында жарияланған «почта» рубрикасының авторы Джед Мэшью оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жарты орта салмақ дивизионы рейтингінен шығару жағдайын түсіндірді.

«Қазіргі таңда олар рейтингтермен қалағанын істей алатындай толық еркіндікке ие. Сол себепті кейде олар рейтингтерді жай ғана елемей қояды. Ұйым қандай да бір ережелер жүйесін енгізуден қандай пайда көретінін білмеймін, бірақ оның рейтингіне уақытша болмаса да, қайта келгенде UFC-де қандай қарсыласқа шығатынына ешқандай әсері болмайды. Барлығы ұйымның сол сәтте шешіміне байланысты болады», – деп жазды ол.

Соңғы рейтинг жаңартуларына сәйкес, бұрын жарты орта салмақтағы дивизионда екінші орынға ие болған Рахмонов ұзаққа созылған жарақатқа байланысты октагонға шықпағандықтан топ-15-тен шықты. Оның соңғы жекпе-жегі Ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы болып, шешуші шешіммен жеңіске жеткен еді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»