Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қуат Хамитов кәсіби мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізді

Қуат Хамитов кәсіби мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (27-8-2) Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Хамитов жартылай орта салмақта бразилиялық Алан Силвамен (19-11-1) жекпе-жек өткізді. Үш раундқа жоспарланған айқас толық уақытқа созылып, қазақстандық спортшының бірауыздан қабылданған төрешілер шешімімен жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қуат Хамитов кәсіби мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізді. Ал Алан Силва профи деңгейде 12-жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, бұл Хамитовтың өткен жылдың қазан айынан бергі ММА ережесіндегі алғашқы жекпе-жегі болды. Соңғы рет ол ресейлік файтер Анатолий Бойконы (12-5) төрешілер шешімімен жеңген еді.

Ал Алан Силва бұған дейін желтоқсан айында октагонға шығып, екінші раундта жерлесі Моасир Рошаны (14-10-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»