Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

Бетербиев Биволмен үшінші кездесудің өтетінін растады

Бетербиев Биволмен үшінші кездесудің өтетінін растады

Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев отандасы Дмитрий Биволмен үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады.

Боксшының айтуынша, үшінші кездесу ұйымдастырылады деген сенім бар.

«Мен сенемін, себебі Турки Аль аш-Шейх үшінші жекпе-жек болады деп айтты. Бірақ оның нақты қай жерде өтетінін білмеймін. Егер Ресейде ұйымдастырылса — жақсы болар еді. Дегенмен айқастың қай елде өтуі менің дайындығыма немесе көзқарасыма әсер етпейді. Өз Отанымда өтсе, тіпті керемет», — деді Бетербиев.

41 жастағы Бетербиев кәсіпқой бокста 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол 2017 жылы әлем чемпионы атанып, 2019 жылы бірнеше белдікті біріктірді. 2024 жылы жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы мәртебесіне ие болды.

Айта кетейік, Бетербиев пен Бивол арасындағы ықтимал үшінші жекпе-жек жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»