Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінің мерзімі айтылды

Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінің мерзімі айтылды

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) жарақаттан кейінгі қалпына келу процесі және келесі жекпе-жегінің уақыты туралы айтты.

— Асуның қалпына келуі жоспар бойынша жүріп жатыр, бәрі жақсы. Жеке өзім оның мамыр айының ортасы немесе соңында октагонға шыққанын қалаймын, мүмкіндік болса. Біз тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз, Асу бірде-бір жаттығуды жіберген жоқ. Жарақат алмаған дене бөліктеріне жүктеме бердік. Қолы да біртіндеп жазылып келеді, — деді маман.

Айта кетейік, 1 наурызда Алмабаев Мексикада UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Морено-мен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда айқасқа бір ай қалғанда қолын сындырып, кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

Қазіргі таңда Асу UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде сегізінші орында тұр.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»