Тікелей эфир Алиби Идрис UFC Fight Night 267 турнирінде дебют жасайды
22 ақпанда қазақстандық файтер Алиби Идрис (10-1) UFC Fight Night 267 турнирінде өнер көрсетеді. Жарыс Хьюстон қаласында (АҚШ, Техас штаты) өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Идрис әлемдегі ең ірі ММА промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегінде америкалық Оди Осборнға (13-9) қарсы октагонға шығады. Кездесу шамамен Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады деп жоспарланған.
Еске салсақ, Алиби Идрис бұған дейін де UFC турнирінде өнер көрсеткен. Өткен жылдың тамыз айында ол америкалық Джозеф Моралеспен (14-2) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта сабмишн әдісімен жеңіліс тапқан еді. Алайда ол кездесу промоушенмен келісімшартқа қол жеткізу үшін өткен болатын. Нәтижесінде қазақстандық спортшы UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа отырды.
Ал Оди Осборн соңғы айқасын 2025 жылдың тамызында өткізді. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен аустралиялық Стив Эрцегке (13-4) есе жіберген болатын.
тікелей эфир ALTYN•DOP телеграм арансынан көріңіз.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»