Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Алиби Идрис UFC-дегі дебютінде америкалықты жеңді

Алиби Идрис UFC-дегі дебютінде америкалықты жеңді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Алиби Идрис (10-1) UFC ұйымындағы алғашқы ресми жекпе-жегін өткізіп, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Идрис UFC Fight Night 267 турнирінде октагонға шықты. Жарыс Хьюстон қаласында (АҚШ, Техас штаты) өтті. Қарсыласы — америкалық файтер Оди Осборн (13-9).

Жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Алиби Идристің пайдасына берді.

Осылайша, Алиби Идрис кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дегі дебютін сәтті бастады. Ал Оди Осборн кәсіби ММА-дегі оныншы жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, бұған дейін Идрис UFC турнирінде жекпе-жек өткізіп, ұйыммен келісімшартқа таласқан еді. Кейін ол UFC-пен төрт жекпе-жекке арналған келісімге қол қойды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»