16 сағат бұрын
Әлімханұлы титулын кіммен қорғайды?
Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жектің күні белгілі болды.
Британиялық Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) мен венесуэлалық Эндри Сааведра (17-1-1, 14 КО) 4 сәуір күні Лондонда (Ұлыбритания) орналасқан O2 Arena кешенінде қолғап түйістіреді. WBO рейтингінде Бентли бірінші, ал Сааведра екінші орында тұр.
Бұл кездесудің жеңімпазы орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) міндетті үміткер атанады.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынамасынан мельдоний табылғаннан кейін бір жылға дисквалификацияланған болатын. Оның жарыстарға қатысуына қойылған шектеу 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады. Дисквалификация мерзімі аяқталған соң қазақстандық боксшы уақытша чемпиондық белбеу иегерімен жекпе-жек өткізуі тиіс.
Айта кетейік, Әлімханұлы мен Бентли 2022 жылы шаршы алаңда кездескен. Сол кезде «Qazaq Style» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»