2 сағат бұрын
Асу Алмабаев UFC рейтингте жоғарлады
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) UFC ең жеңіл салмақ дивизионының рейтингісінде бірден екі саты жоғары көтеріліп, 9-орыннан 7-орынға шықты.
Осы аптада мексикалық боец Брэнэон Морено (23-10-2) екі орын төмендеп, 9-орынға түсті. Естеріңізге сала кетейік, UFC Fight Night 268 турнирінде Морено мэйнивентте ағылшын Лонир Каванаға (10-1) бір ауыздан жеңіліп қалған болатын. Ал бастапқыда Мореноның қарсыласы Асу Алмабаев болмақ еді, бірақ қазақстандық файтер ақпан айында жарақатына байланысты турнирден шегінген.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»