6 сағат бұрын
Шавкат Рахмоновтың отбасы жайлы жайсыз ақпар тарады
UFC-дегі қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жары Гулайым Рахмонова ажырасатынын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл мәлімдемесін ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Балаларымен бірге түсірілген видеода олар ата-аналарының ажырасқаннан кейін тек анасымен қалатынын атап өтті.
Гүлайым Рахмонованың айтуынша, күйеуі балалардан бас тартқан және оларды қайта әкелмеуді сұраған. Сондай-ақ ол төрт баланы тәрбиелеп отырғанын және тағы бір баланы күтетінін жеткізді.
UFC-дегі жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жарияланған кезде жұбайының мәлімдемесіне ресми түрде жауап бермеді.
Бұл жағдай 2025 жылы болған оқиғаларға байланысты көпшілік назарына ілікті. Сол кезде Жамбыл облысында Гулайым Рахмонова жүргізген көлік қатысқан қайғылы жол апаты орын алған еді. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жатқызылған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов