Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

27.03.2026

Еркебұлан Тоқтар салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Еркебұлан Тоқтар салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар (11-3) Ереванда (Армения) қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулына (14-0) қарсы өтетін алдағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еркебұлан Тоқтардың салмағы 70,3 келіні құраса, Марсель Нұрланбектің салмағы 100 грамм (70,4 келі) ауыр болды.

Тоқтардың жеңілмеген қырғызстандық қарсыласқа қарсы жекпе-жегі 28 наурызда Арменияның Ереван қаласында өтетін Hype Asia турнирінде өтеді. Жеңіл салмақтағы кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережелері бойынша ұйымдастырылады.

Тоқтардың соңғы жекпе-жегі 28 желтоқсанда Ташкенттегі «Хумо Аренада» өтті. Ол бокс ережелері бойынша өткен кездесуде бірінші раундта өзбекстандық Тимур Никулинді нокаутпен жеңген болатын.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан