Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

28.03.2026

Адвокат Рахмоновтың жұбайына шыққан сот үкімін бағалады

Адвокат  Рахмоновтың жұбайына шыққан сот үкімін бағалады

Адвокат Бағдат Амандосұлы UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың жол апатына қатысы бар жұбайына шығарылған үкімге қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, жарияланған мәліметтерге сүйенсек, сот шешімі заң талаптарына жалпы сәйкес келеді. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қаралып, бұл бап 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сот ең төменгі жаза — 5 жыл мерзім тағайындаған. Сонымен қатар, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айыру және жазаны өтеуді 5 жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған.

Адвокаттың сөзінше, мұндай кейінге қалдыру сотталған адамның кәмелетке толмаған төрт баласының болуына байланысты заңда қарастырылған. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енбеген.

Бағдат Амандосұлы жазаның әділдігі қоғамда түрлі пікір туғызуы мүмкін екенін атап өтті. Өйткені жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапқанымен, сот ең төменгі мерзімді тағайындап, жазаны кейінге қалдырған.

Сонымен қатар, сот шешім қабылдауда айыпталушының жеке жағдайын, жеңілдететін мән-жайларды ескерген. Ауырлататын жағдайлар анықталмаған, ал жәбірленушілер қатаң жаза сұрамаған.

Адвокаттың қорытындысына сәйкес, үкім заң тұрғысынан негізді болғанымен, қоғамдық тұрғыдан даулы болуы мүмкін. Егер іс апелляцияға түссе, негізгі мәселе жаза мерзімін негіздеу мен оны кейінге қалдыру шешімінің дәлелділігіне қатысты болмақ.

Еске салайық, 28 шілде күні Қарағанды облысынан Алматыға бағыт алған Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі басқаруды жоғалтып, көлік аударылған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан