01.04.2026
Амиров RCC Hard титулын қорғайды
Қазақстандық файтер Торғынбек Амиров (4-0) RCC Hard чемпиондық титулын қорғау үшін ресейлік Леонид Чирковпен кездеседі. Бұл туралы чемпионның менеджері Михаил Кандалин хабарлады.
Титулдық жекпе-жек 2026 жылғы 10 мамырда Екатеринбург қаласында өтеді. Амиров үшін бұл жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғаудың екінші реті болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қаңтарында Торғынбек Амиров Михаил Тикиджиевті нокаутпен жеңіп, RCC Hard лигасының жеңіл салмақ чемпион титулына ие болды. Сол жылдың қыркүйек айында ол бірінші қорғауын сәтті өткізіп, Top Dog чемпионы Дмитрий Спиваканы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген.
Қазіргі уақытта 27 жастағы Амиров жеңіл салмақтағы әлемдік рейтингте бірінші орынға ие.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан