5 сағат бұрын
Әліби Ыдырыс допингтен таза екендігін мәлімдеді
Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Әліби Идрис допинг сынамасының нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
UFC-тің TUF реалити-шоуына қатысқан алғашқы қазақстандық өз Instagram сторисінде тыйым салынған заттарға арналған қайта допинг сынамасының нәтижесін жариялады.

Құжатта 16 наурызда тапсырылған үлгінің нәтижесі теріс болғаны көрсетілген.
«Мен тазамын, жігіттер», — деп жазды жекпе-жек шебері және жазбасына смайлик қосты.
1 сәуірде UFC-тің ресми сайтында баспасөз хабарламасы жарияланып, онда Қазақстаннан шыққан ең жеңіл салмақтағы спортшының допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін бір жылға шеттетілгені хабарланған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов