3 сағат бұрын
UFC жауынгері Иан Гарри батыл мәлімдеме жасады
Ирландиялық UFC жауынгері Иан Гарри жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Ислам Махачевтің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұған дейін Махачев грузиялық Илия Топуриямен маусым айында Ақ үйде өтетін турнирдегі жекпе-жектің қарсыласының қаржылық талаптарының тым жоғары болуына байланысты өтпей қалғанын айтқан еді.
«Демек, қолың жарақаттан аман ғой? Енді ешқандай сылтау жоқ. Тамызда кездесеміз», — деп Гарри Махачевтің сөзіне жауап берді.
Бұған дейін UFC президенті Дэйна Уайт Махачевтің жарақатына байланысты оның келесі жекпе-жегін белгілей алмай отырғанын айтқан болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов