Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Али Балоев: «Бакировтың хайпын аламын»

Али Балоев: «Бакировтың хайпын аламын»

Қазақстандық боксшы Али Балоев (15-2-1) IBA NOMAD турниріндегі дебюті алдында алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

«Жақын күндері Жалаң жұдырық жекпе-жегінде дебют жасаймын. Бұл кездесуді қысқа уақыт ішінде, турнирге бір ай қалғанда қабылдадым. Дайындықты Алматыда жаттықтырушым Иса Акбербаевпен бірге өткіздім. Өз шеберлігімді көрсетуге дайынмын. Бұл мен үшін жаңа сынақ, жаңа эмоция. Мен әрқашан бабымдамын, сондықтан жекпе-жекке бірден келістім. Арамызда ешқандай кикілжің жоқ, тек спорттық қызығушылық бар», – деді Балоев.

Сондай-ақ ол қарсыласы Бекжан Бакиров туралы да пікір білдірді.

«Қарсыласым бұрын бокста өнер көрсеткен. Ол мықты боксшы, соққылары ауыр. Бізді оңай жекпе-жек күтіп тұрған жоқ. Ауыр салмақта бір соққының өзі бәрін шешуі мүмкін. Менің мақсатым – өз деңгейімді көрсету және лиганың жаңа жұлдызына айналу. Өзіме сенімдімін, жеңіс менікі болады. Осы жекпе-жектен кейін оның жанкүйерлері де мені қолдайды. Мен оның хайпын толық өзіме аламын», – деді ол.

Али Балоев пен Бекжан Бакиров арасындағы жекпе-жек 11 сәуір күні Алматыда өтетін IBA NOMAD турнирінде өтеді. Кездесу ауыр салмақта ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан