3 сағат бұрын
Арман Әшімов 2 жылдан кейін жеңіске жетті
Қазақстандық жауынгер Арман Әшімов Алматыдағы IBA Nomad 14 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол тәжікстандық Дильшод Норкузиевпен жекпе-жек өткізді. Айқас бірінші раундта отандасымыздың пайдасына нокаутпен аяқталды.
Осылайша, Арман Әшімов лигадағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Дильшод Норкузиев екінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, Әшімовтің ММА-дағы алдыңғы жекпе-жегі 2024 жылғы 23 наурызда Rizin FF лигасында өткен. Ол кезде Арман жапониялық Юсаку Накамураға (20-10-1) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңілген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов