Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Жұмабековтың жаттықтырушысы жеңіс құпиясын ашты

Жұмабековтың жаттықтырушысы жеңіс құпиясын ашты

Қазақстандық бапкер Дәулет Нұрланұлы Жұман Жұмабековтың IBA Nomad 14 турниріндегі жеңісіне баға беріп, жекпе-жектегі тактиканы түсіндірді.

Маманның айтуынша, жекпе-жекке арналған жоспар толық орындалған. Қарсылас Вандерлей Левандовскийдің стилі алдын ала мұқият зерттеліп, соған сәйкес стратегия құрылған.

— Біз оның жекпе-жектерін қарап, соққыларының ауыр әрі жылдам екенін білдік. Сондықтан алғашқы раундты әдейі беріп, оны шаршатуды көздедік. Екінші раундтан бастап Жұман қашықтықты дұрыс ұстап, джебтермен жұмыс істеді. Нәтижесінде тактикамыз толық іске асты, — деді Нұрланұлы.

Сонымен қатар бапкер спортшының алдағы жоспарын да бөлісті. Оның айтуынша, команда арнайы белбеу үшін жекпе-жек өткізуді мақсат етіп отыр. Ұйымдастырушылар биыл тағы екі турнир өткізуді жоспарлап отыр және сол жарыстардың бірінде Жұмабеков осы атақ үшін айқасуы мүмкін.

Жекпе-жек 11 сәуір күні Алматыда өтіп, Жұмабеков үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді. Бұл оның 2024 жылғы жеңілісі үшін қайтарған есесі болды.

Айта кетейік, Жұман Жұмабеков алматылық Saq Pro Team командасының намысын қорғайды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан