08.08.2023

Шавкат Рахмонов Дастин Порьемен октагонға шығуға дайын екенін мәлімдеді

Шавкат Рахмонов Дастин Порьемен октагонға шығуға дайын екенін мәлімдеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) әйгілі америкалық файтер Дастин Порьемен (29-8) жұдырықтасуға келісті. Бұл туралы Nur.kz жазды.

Дастин Порье Twitter-де жартылай орта салмақ дәрежесіне көтерілетіні туралы мәлімдеме жасады. Бұған жауап ретінде UFC рейтингінің алтыншы сатысында тұрған Шавкат Рахмонов онымен октагонда кездесуге дайын екенін жеткізді. Ол Порьеге ОК деп қысқа ғана жауап қайырды.

Бұған дейін Шавкаттың 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтуге тиіс болған тағы бір америкалық Кевин Гастелуммен жекпе-жекті өтпей қалған еді. Рахмоновтың қарсыласы спарингтік жаттығу кезінде жарақат алып, турнирден бас тартты.

Ал Порьеге келсек, 30 шілдеде ол UFC-291 турнирінің басты кездесуінде Джастин Гейтжиден мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын. Дастин екінші раундта нокаутқа түсті.

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 1 күн бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады