24.08.2023

Шавкат Рахмонов Bellator өкілі Пейджді жекпе-жекке шақырды

Шавкат Рахмонов Bellator өкілі Пейджді жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Bellator-дың топ-спортшысы Майкл Пейджбен айқасқысы келетінін білдірді, деп хабарлайды sport12.kz «Шредингер спорты» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Bellator ұйымының үздігі – 36 жастағы Майкл «Веном» Пейдж жақында ресми түрде UFC қатарын толықтырады. Ол Bellator-дан ауысқаннан кейін UFC титулына үміткер болу үшін бір ғана жекпе-жек өткізген Майкл Чендлердің жолын қайталағысы келеді.

Пейдж топ-5 немесе топ-10 қатарындағы спортшының бірімен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Оған жауап ретінде Шавкат Рахмонов «6-шы нөмірге қалай қарайсың?» деп жазды.

«Веномның» ММА-дағы статистикасы – 26-2. Британдық спортшы Bellator чемпиондары – Логан Сторли (уақытша титулды алды) мен Дуглас Лимадан ғана жеңілген. Веном ММА-ға дейін кикбоксингтен әлем чемпионаттарында жеңіске жетті. Ал лақап атын соққы мен каратэні үйлестіре алатыны үшін иеленді. Сондай-ақ ол қолғапсыз жұдырықтасып, кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізіп үлгерген.

Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде 6-орында тұр.

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 24 сағат бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады