24.10.2023

Ислам Махачев жеңіске жетті

Ислам Махачев жеңіске жетті

Әбу-Дабиде өткен UFC-294 турнирінің басты кездесуінде ресейлік Ислам Махачев (25-1) пен австралиялық Александр Волкановски (26-3) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салды, деп хабарлайды sport12.kz.

Бес раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Махачев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. 

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпион Махачев пен жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Волкановскидің алғашқы жекпе-жегі осы жылдың ақпан айында орын алған еді. Кездесу төрешілердің шешімі бойынша Исламның жеңісімен аяқталды. 

31 жастағы Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін осымен екінші мәрте қорғап отыр. 

Айта кетерлігі, бастапқыда UFC-294 турнирының негізгі жекпе-жегінде Исламға бразилиялық Чарльз Оливейра қарсы шығу керек болған. Алайда, Оливейра жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 1 күн бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады