07.07.2024
Рамазан Оразов «Силькеборг» сапында алғашқы ойынын өткізді

Рамазан Оразов
Рамазан Оразов «Силькеборг» сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды деп хабарлайды. sport12.
Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов «Силькеборг» командасы құрамында алғашқы ойынын өткізді.
Даниялық команда Нидерландтың «Утрехт» клубымен жолдастық кездесу өткізген еді. Қазақстандық жартылай қорғаушы ойынды қосалқы құрамда бастады. Екінші кезеңде жасыл алаңға шығып, өз командасының қарсыласымен 2:2 есебімен тең ойнауына үлесін қосты.
Рамазан Оразов бұған дейін «Ақтөбе», алматылық «Қайрат», литвалық «Даугавпилс», ресейлік «Чайка», павлодарлық «Ақсу», қостанайлық «Тобылдың» намысын қорғады.
