07.07.2024
Футболдан Лига кубогы: «Қызылжар» мен «Қайрат» тең ойнады

Футболдан еліміздің Лига кубогы ойындарында тағы екі кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды sport12.kz.
А тобында бүгін өз алаңында Оралдың «Ақжайығы» «Таразға» 0:2 есебімен жол берді.
Ал «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді D тобында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» мен «Каспий» (Ақтау) сынға түседі.
Айта кетсек, 6 шілдеде В тобында «Тобыл» (Қостанай) өз алаңында «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) клубына 0:1 есебімен жол берді.
Ал 6 шілдеде С тобында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей) 2:2 есебіне қанағат білдірді. Бұл топтағы «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» кездесуінде атыраулық клуб 2:0 есебімен басым түсті.
