Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

12.10.2024

Дияр Нұрғожа UFC-дегі тұсаукесер ойыны қашан өтетінін айтты

Дияр Нұрғожа UFC-дегі тұсаукесер ойыны қашан өтетінін айтты

Дияр Нұрғожа UFC-дегі тұсаукесер ойыны қашан өтетінін айтты.

«Құдай қаласа, дебютімізді қаңтар-ақпан айларында өткіземіз деген жоспар бар», - деп мәлім етті ол.

Айта кетсек, қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожа UFC-мен келісімшартқа отырды.

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожа UFC келісімшарты сарапқа салынатын Dana White’s Contender сериясы бойынша кезекті турнир аясында сайысқа түсті. Қазақстандық файтер октагонда польшалық спортшы Бартош Шевчикпен (8-3-1) шеберлік байқасып, қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Дияр екінші раундта қарсыласына бірнеше соққысын дарытты. Қарсыласының дәрменсіздігінен кейін төреші жекпе-жекті ертерек аяқтау туралы шешім қабылдады. Осылайша Дияр Нұрғожа өзінің жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Оған қоса UFC бойынша әлемдегі ең үздік ММА лигасымен келісімшартқа қол жеткізді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»