04.01.2025

UFC алғаш рет шығатын Дияр Нұрғожаның қарсыласы белгілі болды

UFC алғаш рет шығатын Дияр Нұрғожаның қарсыласы белгілі болды

Отандасымыз (10:0) 15 наурыз күні UFC Vegas 104 турнирінде жұдырықтасады.

 Қарсыласы 28 жастағы бразилиялық Брендсон Рибейро (16:7).

Айта кетсек, бұдан бұрын ол UFC-дегі тұсаукесер ойыны қашан өтетінін айтты.

«Құдай қаласа, дебютімізді қаңтар-ақпан айларында өткіземіз деген жоспар бар», - деп мәлім етті ол.

Айта кетсек, қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожа UFC-мен келісімшартқа отырды.
Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожа UFC келісімшарты сарапқа салынатын Dana White’s Contender сериясы бойынша кезекті турнир аясында сайысқа түсті. Қазақстандық файтер октагонда польшалық спортшы Бартош Шевчикпен (8-3-1) шеберлік байқасып, қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Дияр екінші раундта қарсыласына бірнеше соққысын дарытты. Қарсыласының дәрменсіздігінен кейін төреші жекпе-жекті ертерек аяқтау туралы шешім қабылдады. Осылайша Дияр Нұрғожа өзінің жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Оған қоса UFC бойынша әлемдегі ең үздік ММА лигасымен келісімшартқа қол жеткізді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас