4 сағат бұрын
Шавкат Рахмоновтың қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды
Отандасымыздың қарсыласы, орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммад Шавкатпен жекпе-жекті қай уақытқа жоспарлап отырғанын айтты.
– Қатарға жазға дейін ораламын деген үміттемін. Рамазан айы аяқталасымен жекпе-жекке тас-түйін дайын боламын, – деді америкалық файтер.
Рахмонов пен Мұхаммад арасындағы титулды жекпе-жек алғашында өткен жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Алайда, отандасымыздың қарсыласы Белал жарақатына байланысты октагон төріне көтеріле алмайтынын хабарлаған болатын.
Содан кейін Шавкат ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бір ауыздан берген шешімі бойынша жеңіске жетті.