25.01.2025

Қазақ боксшылары Өзбекстан чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақ боксшылары Өзбекстан чемпионатында жүлдегер атанды

Ташкентте өтіп жатқан бокстан Өзбекстан чемпионатында ұлты қазақ бауырларымыз жүлдегерлер қатарынан көрінуге мүмкіндік алды.

54 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Сабыржан Тастанов ширек финалда Абдумутал Хабибуллаевты жеңіп (3:2), жартылай финалға жолдама алды.
Ал 60 келі салмақ дәрежесінде Мадияр Данияров Нұрбек Қодировтан басым түсіп (5:0) келесі кезеңге өтті.

Аталған екі былғары қолғап шебері енді жартылай финалда жекпе-жектерін өткізеді. Жеңіліп қалған жағдайдың өзінде олар доданың қола жүлдегері атанады.

Айта кетейік Өзбекстанның ел біріншілігіне жалпы 15 этникалық қандасымыз қатысты. Олардың қатарында Саят Ілиясов, Сабыржан Тастанов, Арман Маханов, Қазбек Есенғаллиев, Ғанибек Мұратқасымов, Машрап Абдукаим, Асылхан Анарбаев, Мадияр Данияров, Айдос Тағайбаев, Амантай Шаланов, Иманғали Жайлауов, Сүндет Мұратов, Нұрислам Абдуллаев, Мадияр Сайдрахимов және Руслан Абдуллаев бар.

Бокстан Өзбекстан чемпионаты ертең, 26 қаңтар өз мәресіне жетеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас