2 күн бұрын
Асу Алмабаевтың алдағы жекпе-жегі болмауы мүмкін
Фото: ufc
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев пен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек белгісіз себептермен болмауы мүмкін.
Бұл туралы отандасымыздың командасы Darteam хабарлады.
— Біздің командамыздың жауынгері Асу Алмабаев жақын арада жарысқа дайындалу үшін АҚШ-қа ұшатынын ресми түрде мәлімдейміз. Бізге белгісіз себептермен Эрцег жекпе-жек өткізуден бас тартып отыр. Турнирге дейін бір ай қалды. Біздің командамыздың жауынгері үшін жаңа қарсылас таңдалады немесе Стив есін жиып, жекпе-жекке шығады,– делінген Darteam командасының әлеуметтік желісінде.
Қазақстандық Асу Алмабаев (21-2-0) пен аустралиялық Стив Эрцег (12-3-0) арасындағы жекпе-жек UFC Fight Night 253 турнирі аясында жоспарланған. Текетірес 1 наурыз, Лас-Вегас қаласында өтуі керек.