17.02.2025
Сербиялық футболшы «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Сербиялық шабуылшы Джордже Ивкович «Ақтөбе» қатарын толықтырды.
28 жастағы шабуылшы бойшаң әрі жылдам. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Македония чемпионатында 17 ойында 9 гол соққан. Бойшаң футболшы екінші қабатта да, ойын сәтінде де тез шешім қабылдайды.
- Шабуылшы Қазақстан чемпионатында да жақсы қырынан танылады деген сенімдеміз, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»