18.02.2025
Қазақстандық таэквандошылар АҚШ-тағы турнирде қос қола алды
Фото: Қазақстан таэквандо федерациясы
Қазақстандық таэквандошылар АҚШ-та өткен US Open додасында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтсақ, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мерген Ғаниев және 54 келіге дейінгі салмақта Артур Серік жарыстың қола жүлдесіне қол созды.
Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген 1309 спортшы өзара сайысты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи