04.03.2025
Шавкат Рахмонов: Чемпиондық белбеуді елге әкелгім келеді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов «Камил Гаджиевке» берген сұхбатында Белал Мұхаммадпен чемпиондық жекпе-жектің болмай қалғаны және өзінің қалпына келу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды Sport12kz
«Белалмен жекпе-жек өткізуге ұсыныс болды, бірақ менде жарақат бар еді. Толықтай қалпына келуге уақыт жетпеді, сондықтан бас тартуға тура келді. Әрине, мен чемпиондық белбеу үшін айқасқым келеді, бұл — әркімнің арманы. Белбеуді Қазақстанға алып келіп, жанкүйерлерімізді қуантқым келеді. Күзге қарай 100% дайын болуым керек, чемпион кім болса да дайын боламын», — деді Рахмонов.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов