05.03.2025
ММА келесі жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енді

Азия Олимпиадалық кеңесі 2026 жылғы Азия ойындарына қатысушы елдерді ММА-ның жарыс бағдарламасына енгізілгені туралы ресми түрде хабардар етті, деп хабарлайды Sport12kz.
Аичи-Нагоя 2026 ойындарының бағдарламасы аясында ерлер мен әйелдер арасында келесі салмақ дәрежелерінде жарыстар өтеді:
Ерлер:
Заманауи стиль – 60 және 71 кг
Дәстүрлі стиль – 65 және 77 кг
Әйелдер:
Заманауи стиль – 54 кг
Дәстүрлі стиль – 60 кг
Айта кетейік, Азия ойындары келесі жылдың қыркүйек айында Жапонияда өтеді.
