07.03.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ММА өкілдерімен кездесті

Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы ММА өкілдерімен кездесуі өткізді.
Кездесуге NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала, «Alash Pride» лигасының президенті Әлімжан Бектаев, «Tobet Tope Team» мектебінің негізін қалаушылардың бірі Нұртас Әлімбаев, OCTAGON лигасының басшыларының бірі Павел Берстенев және басқа да мамандар қатысты.
Айта кетейік, жақында ММА-ның Азия ойындарының бағдарламасына енгізілгені ресми түрде жарияланды.
